
Түркістан облыстық білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің педагог-ұйымдастырушысы Аида Кожанованың жетекшілігімен Түркістан қаласында ашылған «Достық үйі» ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Игі шара үйірмешілердің қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өтті.
Мақсаты — үйірмешілердің қысқы демалысын тиімді жоспарлау; Халықтың өзіндік мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін насихаттайтын «Достық үйі» ғимаратының қызметі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарымен танысу; Қоғамдық келісім және этносаралық татулықты нығайту.
Экскурсия барысында “Достық үйі” ғимаратаның залдарымен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов таныстырып өтті. Нысанның ерекшелігі сол, ғимараттың орталық алаңы киіз үй пішінінде салынған, яғни 23 қанаттан тұрады. «Достық үйінде» Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестік төрағалары, жастар келіп дебат ойнап, бір-бірімен пікір алмасып, кездесу өткізеді. Сондай-ақ ғимаратта жексенбілік мектеп жұмыс істейді.
«Достық үйі» ғимараты — этносаралық келісім мен татулықты нығайту, халықтар мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрін жаңғырту, мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ, Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызды бастамалар мен іс-шараларды ұйымдастырады.