
Кентау қаласы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында «Егіздер шеруі» атты іс-шара өтті. Игі шара қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды.
16 егіз жиналған кездесу кеші балаларға ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін де ерекше күнге айналды.
Шараның басты мақсаты – қазақстандық патриотизмді нығайту, бірлік сабақтастығын жалғастыру, Кентау қаласының егіздерімен және алтын құрсақты аналарымен танысу.
Аталған іс-шараға Кентау қаласының ардагер ұстазы, қалалық әжелер алқасының төрайымы Роза Жұмабаева, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы Әлия Құрманбаева, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Мақпал Амантай, қалалық «Отбасы қолдау бөлімінің» маманы Нұргүл Оспанова және ақжаулықты аналар қатысты.
Егіз қозыдай өсіп келе жатқан балалардың тәрбиесінде ата-анасы ғана емес, ата-әжелерінің де еңбектерін атап өткен жөн.
Ерекше үлгіде өткен іс-шарада балалар ғана емес, ата-аналары, ата-әжелері де пікірлесіп, тәрбие барысындағы тәжірибелерімен бөлісті.