
90 жыл бұрын (1935) жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисті, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ дүниеге келді.
Шығыс Қазақтан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Ғаббас Қабышұлы — қазақстандық жазушы, публицист, аудармашы, сыншы, журналист. 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұранқай ауылында дүниеге келген. 1968 жылы ҚазМУ-дың (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін сырттай аяқтайды. 1955–1966 жылдары облыстық «Алтай большевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1966–1974 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді. 1974 жылдан КСРО Әдеби қоры Қазақ филиалының директоры, 1983 жылы республикалық «Ара-Шмель» сатира журналының бас редакторы, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағы құзырындағы Көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, 1994–1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болған.
Әзіл-сықақ әңгімелер, новеллалар, сын, көркем очерк, көсемсөз, түрлі тақырыпқа мақала жазды.
Әділдік пен турашылдық «Қызыл кітапқа» енудің аз-ақ алдында тұрған қасиеттер десек, сөз ұстаған қауым әсіре айттың деп сөге қоймас. Пікірі мығым, ұстанымы берік адамдардың қатары саусақпен санарлық екенін өздері де мойындайды осы күні. Есімі санаулылар тізімінің бас жағынан табылатын азаматтардың бірі – көрнекті публицист, сатирик Ғаббас Қабышұлы.
Әзіл-сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды. 14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың, украин әдебиетінен О.Вишнянның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә.Несиннің «Футбол королі» сықақ романын, таңдаулы әзіл-сықақ әңгімелерін, (жиыны 2 кітап), молдован әзілқойы А.Бусуйоктың «Менің париждік нағашым» хикаятын аударған.
Ұйымдастырып шығарған еңбектері: «Жан қайығын жарға үрдым» (І.Жансүгіров туралы естеліктер жинағы); «Менің Сәбитім» (С.Мұқановтың жүбайы Мәриям апайдың естелігі).
Әрі ұйымдастырып, әрі құрастырып шығарған еңбектері: «Көрінім, көңілге түйгенім»; «Күлкіңді жүр міз сағыныш»; «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар»; «Хакім. Михаил Иванович. Мәке» естеліктер жинағы. О.Әубәкіровтің 4 томдық таңдамалысын, Х.Есен-әлиевтің 4 томдық таңдамалысын құрастырып шығарды. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылған.
Алғашқы әзіл-сықақ әңгімелері 1966 жылы «Шұғыла» жас жазушылар жинағында жарық көрген. 1970 жылы жазушының алғаш рет «Мінездеме» атты жинағы шыққан.
Чеховтың, О.Вишнянның, И.Друцэнің, А.Несиннің, А.Бусуйоктың, Б.Нушичтың, Д.Ленчтің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
«Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қай-теміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой…», «Халіңіз қалай?» «Кадр мәселесін… мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Екі хикая», «Көлденең кітап», «Сағыныш сазы», «Адамның кейбір кездері», « Жолаушылар », «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай…», «Төрт хат», «Тарғыл тағдыр», «Гүл аңсағай бір ғұмыр. Айғыр кемпір.», «Удай уәде», «… изация», «Арыңның сөзін айта біл. Скажи все по совести», «Анау-мынауизация» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Тұңғыш өлеңдер жинағы – “Нөсер” 1959 жылы жарық көрген. Ақынның он шақты кітабы бар. Л.Толстойдың “Крейсер сонатасы” повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинағын, Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургунның “Бакудастан” поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақ сатирасының тарихы тым тереңде жатыр. Оның бастау бұлақтарын халық ауыз əдебиетiнен, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала əңгiмелерiнен iздеуге болады. Сатирик- жазушы Ғаббас Қабышұлы 2014 жылы жазылған бір сұхбатында қазіргі қазақ сатирасы жайлы өз пікірін білдіріп:
– Турасы, сатираның тұзы жеңiл. Мен Жазушылар одағында 30 жыл қызмет iстедiм. Сонда осы Одақтың пленумында болсын, Құрылтайында болсын, сатира туралы бiр ауыз сөз айтылмай-тын. Содан Одақты басқаруға Əнуар Əлiмжанов келгеннен кейiн, бiр-екi жылдан соң Құрылтай өттi. Сол баяндамасында сатираға арналған бiр тарау болды. Сонда қазақ сатирасының тарихына тоқтала келiп, бүкiл сатириктердi атап шықты. Кiмнiң не бергенiн, не жазғанын қадап айтты. Үзiлiске шыққан кезде Оспанхан Əубəкiров жарықтық, екi тiзесiн шапаттап билеп жүр. Мен «Мұның не?» деймiн. Сөйтсем, «Бiз тiрi екенбiз, бар екенбiз. Бiздi де еске алды-ау» деп едi.
Баршылығын прозамен жазады. Өлеңмен жазғаны болған емес. Ғаббасқа тән стильдік ерекшелігін айтпағанда, ол алған тақырыбын мазмұнды да, ғибратты һәм қысқа жазуға шеберлігі көрініп тұрады. Әрине, редакцияның ішкі жоспарларына байланысты сырттан жазатын авторлардың шығармаларын жиі жариялап тұруды журнал көлемі көтермейтін. Әредік «Құрметті Ғаббас Қабышұлы! Сіздің пәленше тақырыптағы шағын әңгімеңізді жариялауға мүмкіндік болмады» сипатты хаттар да жазуға тура келетін. Ғаббас оған реніш білдірмейтін, ұзақ үнсіз қалмайтын, редакциямен жиі хабарласып сәтті жазылған сатиралық туындыларын жібере беретін.
Ұлттық кадрларды өсіру мәселесіне ден қойған Ғабең тағы бір жолы: – Мемлекеттік жоспарлау комитетін байқау қажет, – деп ескертті. Үкіметтің оң қолы саналған «Госпланды» Братченко деген басқарғалы да біраз уақыт болғанын байқадым. Қараңызшы, жоғарғы санатты білімдар экономист Ілияс Омаровты елемей, ленинградтық «ақылдылар» тұқымы төрағалық етіп отыр. …Ай бойы тексердім. Халық атты бас есепшісі орта жастардағы кісі екен. – Мінекиіңіз!.. – деп маған деректерді жайып салды. Мемкомитеттің тоғыз басшысы да түгелдей келімсектер болып шықты. Қазақтан Баян Аюпов деген бір ғана экономист бөлім басшысы екен. Братченко бай мекеменің қаржысын оңды-солды шашуға жол берген. Оның дәлелі тоғыз басшы әр тоқсан сайын «командировка» делінген сылтаумен Ленинград, Мәскеудегі туыстарына тайып отыруды тұрақты әдеттеріне айналдырыпты. – Мінекиіңіз… пәленбай күн, түгенбай қаржы жұмсалған. Хаттама дегеніңіз атымен жоқ! – деп Халық Сейіткемелов көзілдірігін маңдайына ысырып қойды. Кешікпей «Ара-Шмель» журналының орта тұсындағы екі бетіне «Мың екінші түн» деген фельетоным басылып шықты. Әсте фельетонды белгілі бір түрге құрып жазсаң қызықты оқылады. Мен «Мың бір түндегі» Шаһризаданы еске түсіріп, осылай жазуды құп көрдім. Ғабең өзінің маңғаз даусына басып: «Әй, собака, тапсырманы сәтті орындапсың» деп мырс етті де қолын берді. …Айтып-айтпай не керек, кешікпей Братченко орнынан омақаса құлады да, төрағалыққа халық қастерлеп, жұрты сүйген, жайсаң жанды Ілияс Омаров келді. Ілияс Омаров кезінде Жоспарлау комитеті жұмысы да жан-жақты дамып, жанданып сала берді. …Өткен жылы Ғаббас Қабышев екеуміз сайыпқыран сатирик Садықбек Адамбековтың 90 жылдық торқалы тойына бірге аттанған едік. Екі кісілік купеге жайғасқан екеуміздің жол бойындағы әңгімеміздің көбісі сатира жанры, «Ара» журналы хақында өрбіген еді.
*** Ғаббас бойына тән, әсіресе кейінгі ұрпақ ғибрат алатындай бір қасиетті баса айтқым келеді. Ол өзім деп өзеурей бермей, өзгелердің тағдырын да көбірек ойлайды. Әсіресе, қазіргі арамызда барлар емес, бақиға озған жоқтар жайлы қамқорлық. Жасырып-жабары жоқ, мұндай ерекшелік кез келгеніміздің бойымыздан табыла бермейді. Елін сүйген ерекше тұлғаларға деген елгезектікті өз борышы санағандай сезіну. Оны мына еңбектерінен байқауға болады: «Жан қайығын жарға ұрдым» тақырыбымен Ілияс Жансүгіров хақында, Сәбит Мұқанов хақында Мариям апай естелігі, «Әлем таныған Әнуар» (Ә.Әлімжанов), О.Әубәкіров пен Х.Есенәлиевтердің 4 томдықтарын құрастырып жарыққа шығаруы… Қарапайым корректорлықтан – «Араның» Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы … өзге де басшылық қызметтерде болған сатирик Ғаббас Қабышұлы сексеннің сеңгіріне шығып отыр.
*** Ғаббас Қабышұлының әлем әдебиетінен тәржімалап, қазақша сөйлеткен қыруар туындылары оқырмандарды ризашылық сезіміне бөлеген-ді. Ал төл шығармаларының өзі жиырмадан астам жеке-жеке жинақ болып жарық көрді. Дені сатиралық туындылар. «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Халіңіз қалай?», «Бұл әлгі кім ғой…», «Жетім жиналыс»… іспетті жалғаса береді. Сайыпқыран сықақшының қағытпа қалжыңдарының қайсыбірі мырс еткізер мысқылға құрылса, кейбірі кейіпкерлердің керенаулықтарын келістіре суреттеген кекесін, сазайын тарттырар сарказммен астасып жатады. Жасы егде тартса да жазушы көптің ойындағы көкейкесті мәселелерді әрдайым назардан тыс қалдырмай, әртүрлі басылымдарда жиі жариялап келеді. Ғ.Қабышұлы әдебиетіміздің біртуар тұлғалары, төл тіліміздің тазалығы, тәржіме, танымдық-тағылымдық туралы ой-толғамдарын тайсалмай айтудан тартынып көрген емес. Не жазса да байыппен бажайлап, терең ойлы, тура кесетін, зерделі сөз зергері. Қайсыбір қақас қағидаларға қаймықпай қарсы тұрып, теріс топшылаудың «терісін» тотияйын тілімен таспадай тілетін қаламгер.
Сері тұлғасымен сергек қалпында сексеніне келген серіктес, әріптес абзал ойлы аяулы азаматқа ғұмырыңыз қуатты, шабытыңыз шуақты болсын дей келе, сөз түйінін бір шумақ өлеңмен шегерейін:
Көпен мен жүр соңыңда Еркін Жаппас,
Сен де ақсақал атандың інім, Ғаббас!
Сері сынды қалпыңмен жүре берші,
Сесті сүйрік тіліңді іздеп таппас»-деп сатирик-жазушы Ғаббас Қабышұлы жайлы ой толғаған екен.