Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры жылдың алғашқы премьерасын сахналады. Екі күн бойы көрерменге жол тартқан «117-пәтер» қойылымы – адамның жүрегіне терең ой салып, өмірдің мәнін қайта қарауға себеп болатын ерекше шығарма. Музыкалық драманың авторы — Қ.Аманжол, ал режиссері — М.Томанов. Шығармашылық ұжымның айтуынша, қойылым қазіргі заманның өткір мәселелерін қозғай отырып, махаббат, сенім, жанашырлық пен кешірім сияқты құндылықтардың мәңгілік екенін еске салады. Көрерменнің алар әсері ерекше, себебі ол өмірдің қарапайым шындығын сахналық өнердің тілімен сөйлетеді.

Айта кетейік, 56 жылдық тарихы бар аталған театр бүгінде көрерменнің алғысын алып, көптеген жетістікке жетіп жүр. 1969 жылы ашылған қара шаңырақ — өңірде мәдениет пен өнердің алтын діңгегіне айналған. Жетісайлық көрермендерге театр ұжымы әрдайыместен кетпес қойылымдар мен ерекше сәттер сыйлап келеді.