Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы мектеп оқушыларының қысқы демалысына арналған апталықты бастап кетті.

«Балалар мен жасөспірімдер кітаптарының апталығы» кітапханада өтетін дәстүрлі шаралардың бірі.

Апталықтың алғашқы күні қаладағы мектеп оқушыларына облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының Түркістан қаласына көшіп келуіне байланысты кітапхананың тарихы мен қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігімен таныстырып, саяхат жасады.

Саяхатқа келген оқушылар арасында қызықты ойындар өткізіліп, ойынға белсенді қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қысқы демалыс – кітап оқуға, жаңа білім алуға және жан тыныштығын табуға тамаша уақыт.

Балалар демалысына арналған апталық күн сайын бір апта бойы жалғасатын болады.

Оқушылар кітапханадағы бай кітап қорымен танысып, өз таным көкжиегін кеңейете алады.