
Сауран аудандық Мәдениет үйінде «Мейірім шуағы» атты ерекше жандардың шығармашылық кеші өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен өткен кештің мақсаты — талантты жастарды қолдау және мүмкіндігі шектеулі жастарды ынталандыру, сондай-ақ тең қоғам қағидасын қалыптастыру.
Шараға Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымхан Бәйтенова, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Пердебек Сержанұлы, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай қатысып, игі тілектерін білдірді. Шара соңында өнерлі жастарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықта табысталды.