
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – мақтанышым» атты мерекелік фестиваль өткізілді. Бұл шара еліміздің тәуелсіздік тарихын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Фестиваль бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының белсенді қатысуымен ерекше әсерлі өтті. Мерекелік іс-шара аясында оқушылар Қазақстанның тарихына арналған сахналық қойылымдар қойып, патриоттық әндер мен би нөмірлерін орындады. Сонымен қатар, көркем сөз оқушылардың жүрекжарды өлеңдері мен арнауларымен жалғасын тапты.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Сарыбаева фестиваль барысында сөз сөйлеп, Тәуелсіздік – ұрпақтарымыз үшін ең қастерлі құндылық екенін атап өтті. Ол осындай іс-шаралардың оқушыларды ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыратынын, патриоттық сезімдерін арттыратынын айтты.
Фестиваль мектеп ұжымы мен оқушылар бірігіп, «Атамекен» әнін айтуымен аяқталды. Бұл шара баршамызға ерекше рухани күш беріп, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін сезінуге мүмкіндік жасады.
Осындай маңызды күнді ұлықтаған фестиваль әр жүректе Қазақстанға деген мақтаныш сезімін тереңдетті.