«Фараб» кітапханадасында «DOPE SOZ» подкастының авторлары Жомарт Аралбайұлы және Арсен Түсіпбекпен тамаша кездесу өтті.

Танымал жоба авторларымен кездесу барысында қазақ тіліндегі аудиторияның дамуына үлес қосуды көздей отырып, үздіксіз даму тақырыбында ерекше әрі шабыттандыратын подкаст болды.

Бұл подкаст тыңдаушыларды үздіксіз жетілуге ынталандырып, олардың жеке және кәсіби өмірінде жаңа белестерді бағындыруға бағытталған. Әрбір шығарылым тыңдаушыларды жаңа идеялармен, терең ойларымен және өміршең кеңестермен байытып, оларды үздіксіз даму жолына жетелейді.

Шығармашылық жолы, подкаст жүргізудің қыр-сыры, рухани даму және қоғамдағы маңызды тақырыптар – осының бәрі талқыланды. Қатысушылар тек тыңдаушы болып қана қоймай, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап ала алды.

Мұндай кездесулер болашаққа шабыт беріп, жаңа идеялармен толыға түсуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы қонақтарға арнайы сый ұсынып, алдағы уақытта шығармашылық байланыста болатынын жеткізді.