Түркістан облысы мәдениет басқармасының Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының жылдық жоспарына сәйкес кезекті рет премьера өтті. Қоюшы режиссері, театрдың көркемдік жетекшісі – Ғалымжан Қаппаров.

Драматург Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы ғашықтық ғаламатына арнаған бүгінгі өміріміздегі жастар арасындағы махаббат символын аялауға шақыратын терең ойға құрылған, жастардың тамырын дөп басқан туынды. Басты кейіпкер Дастан – актерлық бөлімде оқитын кіршіксіз махаббат иесі. Достарын сүйгенімен қауыштыру жолында біраз әлекке түсіп, өзі де сүйіктісінің кешіріміне ие болады. Қойылым өмірде жиі кездесетін шындықтан сыр шертеді.