16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Ұлы дала елі» орталығы музейіне қарасты Нұртас Оңдасынов музей-филиалында Түркістан облысының мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2-полиция батальоны қызметкерлері бас қосты.

Мерекелік шараға музейдің меңгерушісі Ұлбосын Әзіретбергенова қатысып, ел тәуелсіздігі жайлы баяндамасын оқыды. Жиын барысында Күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2-полиция батальоны қызметкерлері егемен еліміздің тыныштығын сақтау үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Орталыққа келушілер ұлы даланың тарихымен танысып, арнайы жасақталған «Болашақ Қазақстан» залын да тамашалады. Онда ақылды қала, жасыл экономика, болашақ энергиясы, жасанды интеллект, қолжетімді медицина, инженерлік генетика, пилотсыз автокөліктер тақырыбында әзірленген ерекше дүниелермен танысты.