Сауран ауданында «Әже — ұлт ұйытқысы» атты әжелер алқасының және Сауран аудандық мәдениет үйінің қорытынды шарасы өтті. 

Шараны Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Джумадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Шараға Сауран аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Аманат партиясының Сауран аудандық өкілі Сұлтанбай Боханов, Сауран ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Кеңесінің төрағасы Ақай Тілес Төленбайұлы, Сауран аудандық мәслихат депутаты А.Рамматуллаев, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі С.Жоланов және зиялы қауым өкілдері, Сауран ауданының ақ жаулықты әжелері қатысты.

Шара барысында Әжелер алқасының төрайымы Полатова Райхан жылдық есептің баяндамасын оқып, Сауран аудандық мәдениет үйінің 2024 жылы жеткен жетістіктері аталып өтті. Қорытынды шарада «Сауран сазы» ансамблінің концерттік бағдарламасымен көрермендер көтеріңкі көңіл күйде тарқады.