
Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 33 жыл және Желтоқсан оқиғасына 38 жыл толуына орай маңызды кездесу өтті. Бұл шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері – Беймишева Нұржамал, Тойлыбаева Күлшат және Дәуітова Кенжегүл арнайы шақырылды.
Кездесу барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ел тарихындағы ерекше орны мен маңызы, сондай-ақ Тәуелсіздікке қол жеткізудегі рөлі жан-жақты талқыланды. Желтоқсан оқиғасы – Қазақстанның егемендікке бастар алғашқы қадамы, Тәуелсіздіктің бастауы ретінде ерекше бағаланды.
Шараның басты мақсаты – сол бір ауыр кезеңде елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты ту еткен жастардың ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсету, Тәуелсіздік жолындағы күрестің құндылығын дәріптеу болды.
Кездесу тыңдармандарға терең әсер қалдырып, Желтоқсан оқиғасының батырлары мен олардың ерліктерін ұмытпауға, құрметтеуге шақырды.