Сайрам ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында үздік эссе жазу байқауы өтті.

Аталмыш жазба байқауына аудан бойынша 32 жас бақ сынады. Ережеге сәйкес, қатысушылардың шығармашылық жұмыстары қабылданып, іріктелініп алынды. Шығармаларды жергілікті сала мамандары тарапынан бағаланды. Әділ қазылар алқасында белсенділер, журналистика, әдебиет және құқық қорғау саласында қызмет атқарғандар болды.

Әділ қазылар алқасының ортақ шешімімен оқушыларымыздың жұмыстары жоғары бағаланып, жүлделі орындарды иеленді.

Бірінші орын иегері – №30 Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ-нің 1-сынып оқушысы Маханбетова Аида Ерікқызы;

екінші орын иегері – №18 Әбдібай Құрмантаев атындағы ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы Ахматжанов Хасан Сабыржанұлы;

үшiншi орын иегері – №14 М.Сапарбаев атындағы ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы

Алиева Зульфия.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін

М.Мақатаев атындағы ЖББМ-нің 11-сынып оқушысы Равшанбекова Шахзода Батырқызы;

«Анвар Исмаилов» атындағы кәсіптік колледжінің студенті Мирахматова Чарос Рустамжанқызы.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.