
Қазақтың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сәкен оқулары» атты байқау өтті. Оның мақсаты-оқырмандарға ақынның өлеңдерін, прозалық, поэзиялық, драмалық шығармаларын насихаттау.Оқырмандар арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту, әдеби көркем шығармаларды мәнерлеп оқуды жандандыру және оның шығармалары арқылы отансүйгіштікке, туған елді қадірлеуге, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, талантты жастарды қолдау болды. Байқау екі кезеңнен тұрды, I кезең «Сәкен – жыр сұңқары» Сәкеннің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу, II кезең «Сәкен – эпик ақын» Сәкеннің «Көкшетау» поэмасына талдау жасау. Байқауға Сайрам ауданына қарасты ауылдық кітапханалардан оқырмандар қатысты, әр оқырман ерекше дайындықпен келді. Байқауда бас жүлдені Ханқорған ауылы кітапханасының оқырманы, № 44 «Мәдени» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ерина Ұлас жеңіп алды. I кезеңде ақынның «Кенесары үңгірі» өлеңін жатқа айтып, көркем орындау шеберлігімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Байқаудың II кезеңінде «Көкшетау» поэмасын жан-жақты талдап, қазылар алқасының көңілінен шықты. Бас жүлде иегерін өз жауапкершілігіне алып дайындаған, қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Дермісалиева Аксана апайына кітапхана атынан алғыс білдіреміз. Бұл байқаудан қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа біліп, ой-өрісін, тіл байлығын дамытты, сөйлеу шеберліктерін арттырды. Сыни тұрғысынан ойлауға үйреніп, өзінше ой түюге, танымдық түсініктерін қалыптастырды.
М.СЕРАЛИЕВА, Ханқорған ауылы кітапханасының кітапханашысы.