Қазақстан халқы тілдері күні және Халықаралық отбасы күніне орай, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, Сайрам аудандық Полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Отбасы мен некенің оң имиджін дамытуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Дөңгелек үстелді «Отбасын қолдау орталығы» КММ «Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімінің меңгерушісі, заңгер, Полиция ардагері Медеуов Ғалым Диллабекұлы жүргізіп отырды. Халықаралық отбасы күні мерекесіне Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылының тұрғыны, 9 баланың анасы, алтын алқа иегері Жакипова Айнур Жулдызбайқызы дөңгелек үстелге арнайы шақырылды.

Шара барысында Сайрам аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Полиция майоры Курбаналиев Ғалымжан Рахымжанұлы, Айнур Жулдызбайқызына алғыс хат, сый-сияпаттар және балаларына мектеп оқу құралдарын табыстады.

Аудандық білім бөлімінің бас-маманы Фарида Оспанова көп балалы ана мен мектеп оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Одан бөлек, Полиция қызметкерлері жастарға, колледж студенттеріне құқық-бұзушылықтың алдын-алу бойынша бірқатар профилактикалық ескертулер де айтылды.

Дөңгелек үстелге, Сайрам ауданы мәслихатының депутаты Мунаввар Убайдуллаева, аудандық білім бөліміне қарасты №5 М.Горький атындағы ЖОМ тәрбие-ісі жөніндегі директордың орынбасары Райхан Алайбекова, Пробация бөлімінің инспекторы Нұржан Тлеуов, Сайрам АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Полиция лейтенанты Аяужан Алихан, Сайрам АПБ тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы Полиция капитаны Аделя Сағынай, Сайрам АПБ ЖПҚБ ювеналды Полиция тобының инспекторы Полиция лейтенанты Салтанат Маханбет, Кәсіби халықаралық медиатор Саяра Даванова, Сайрам аудандық «Қоғамдық келісім» КММ маманы Сайфуддин Аитов, Іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшесі, «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы, жеке кәсіпкер Нұрсұлу Алдабергенова, Сайрам аудандық орталық кітапханалар жүйесі КММ қызметкерлері, Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-Инновациялық колледжінің студенттері, ата-аналар, жастар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын соңында көп балалы ана Айнур Жулдызбайқызы қатысушыларға, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты!