Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде өткен дарынды сазгер Әділбек Нысанбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әділбектің әндері-ай» атты облыстық ән байқауы өз мәресіне жетті.
Қорытынды шарады ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» әнші Жұбаныш Жексенұлы Әділбек Нысанбаевтың әндерін жанды дауыста шырқап, барша жұртшылықтың зор қошеметіне бөленді.
Байқауға облыс аумағындағы аудан, қалалардан келген 15 үміткер қатысып, ІІ кезең бойынша өзара сынға түсті. Бірінші кезеңде үміткерлер Әділбек Төлегенұлының шығармашылығынан бір ән орындап, екінші кезеңде еркін тақырыпта Қазақстан композиторларының бір әнін орындады.
Әнді жанды дауыста әуелете шырқаған талантты әншілер өз өнерлерімен ерекшеленді. Жүлдегер атанған өнерпаздар мен арнайы дайындалған номинация иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.
Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Созақ ауданының дарынды таланты Айдос Әлқуат қанжығаға байлап, жүлделі І орын Баймаханов Серікбай Келес ауданы иеленді.
ІІ орынға Бәкір Бақдәулет Шардара ауданы, Абзал Қуаныш Ордабасы ауданы тұрақтап,
ІІІ орынды Дуэт Сарыағаш Бұхарбаев Нұрлыбек, Нұрсейіт Шырынхан және Түркістан қаласынан келген Анашбеков Нұрбақыт місе тұтты.
Сондай-ақ Созақ ауданы әкімінің жүлдесімен Бәйдібектік Қос тұра дуэті,
”Үш бәйтерек” арнайы жүлдесін Созақ ауданының жас өнерпазы Тыныбекова Әлия иеленді.
“Елім менің” жүлдесін Сауран ауданынан келген Бабаханов Шахзод иеленіп,
”Бала ғашық”жүлдесімен Асқар Нұрсұлтан Сайрам ауданы марапатталып, қошеметке бөленді.
Бұған қоса, Төле би ауданынан келген Ағабек Бақдәулет пен Сатылғанова Гүлзат, Көшер Елнұр Жетісай ауданы, Тағаев Жәнібек Мақтаарал ауданы, Сейілхан Ердос Арыс қаласы, ⁠Төлешов Сейтқұл Отырар ауданы арнайы Алғыс хатпен марапатталып, құрмет көрсетілді.