«Өнерлі өлке өрендері» Мақтаарал аудандық өнер фестивалін Мақтарал ауылдық округі жалғастырды.

«Мақтаарал» мәдениет үйінде Мақтарал а/о өнерпаздарының қатысуымен өткен гала- концертке округ әкімшілігінің бас мамамы Фаташев Досжан арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып көріністері көрсетілді. Ұлттық тағам түрлері таныстырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдері, жетістіктері көрсетілді. Ұлттық спорттық ойындар өткізілді. Кеш сағат 17:00де а/о өнерпаздарының гала концерті өтті.

Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Мақтаарал” мәдениет үйінде ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады.