
Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Осы орайда бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде қарттар күніне арналған «Қарттарым — асыл қазынам» атты мәдени іс-шара өткізілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихат төрағасы Хамит Байысбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек қатысып, барша қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Қариялардың ішінен әр салада жемісті еңбек еткен 200-ге жуық ардагерлер қатысып, бірқатары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін аудан әкімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы мерекелік концертке ұласып, аудан өнерпаздары ардақты ардагерлерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазыналы қарттарымызды қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.