
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Аталған конкурс аудандық, облыстық және республикалық болып үш деңгей бойынша өткізіледі. Сондай-ақ жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде аталып өтуде. Осы ретте, бүгін А. Жұбанов атындағы балалар саз мектебінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық деңгейіне қатысып, үздік деп танылған отбасыларды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінде Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды мерейлі отбасыларды құттықтап, ізгі тілегін арнады. Мерейлі отбасыларға аудан әкімінің арнайы алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Созақ аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұхаммедали Иманбеков өз кезегінде бүгінгі қоғамдағы отбасының құндылығына тоқталды. Салтанатты шара «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, шара әсем әнмен өрнектелді.
Шара аясында «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының аудандық деңгейінің үздіктері: Уәлихан Өтенұлы Шоңғараевтың отбасы – Таукент кенті, Темірәлі Боқашовтың отбасы – Созақ ауылдық округі, Қайрат Төлегенұлы Момбековтің отбасы – Сызған ауылдық округі марапатталып, құрметтелді.