
Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, сахна мәдениетін қалыптастыру, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Түлкібас ауданы әкімінің кубогіне арналған «JAIDARMAN» сайысы өтті.
Қызықты да тартысты өткен сайыс көрермендерге әдемі әсер, қайталанбас эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлады. Бүгінде жайдарман ойыны талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді қағытпа қалжың мен астарлы әзіл аққылы жеткізе білетін өнер.
Жастар үшін мол мүмкіндіктер алаңына айналған «JAIDARMAN» сайысына «Нысана» театрының актрисасы Бекахметова Айсұлу, жайдарман жанашыры Нұркен Нұржанұлы, Руханият орталыңының басшысы Елеуов Қанат, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшысы Серік Данияр Батырханұлы және жастар ресурстық орталығының нұсқаушы маманы Саттарқызы Аружан қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен
І орынды «Ақбиік жігіттері» командасы (100.000 теңге)
ІI орынды «Қыздарский элита» командасы (70.000 теңге)
III орынды «Абай арулары» командасы (60.000 теңге)
«JAIDARMAN» сайысында жоғары деңгейде өнер көрсеткен барлық командаларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаз атанған командаларды шын жүректен құттықтаймыз!