
Республика күні қарсаңында Арыс қаласында Мақсымхан Мүталханұлы мен Күлжан Аманқызының 100 жасқа толуына орай футболдан еске алу турнирі ұйымдастырылды. Сайысқа облыстың әр өңірінен келген 8 команда қатысып, өзара бақтарын сынады.
Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, шараның өңірлік спортты дамытуға қосар үлесін атап өтті. Қала әкімі бұл турнирдің жас ұрпаққа жігер сыйлап, бірлікті нығайтатын маңызды іс-шара екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Мақсымхан Мүталханұлының інісі Жәнібек Оспанқұлов пен қызы естеліктерімен бөлісіп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар бұл еске алу шарасының ата-баба мұрасына деген құрметтің белгісі екенін атап өтті. Турнир көрермендер үшін де, қатысушылар үшін де керемет спорттық мереке болып, өңір тұрғындарын достық пен ынтымақтастыққа үндеді.
Осыдан соң Мақсымхан Мүталханұлы мен Күлжан Аманқызының рухына құран бағышталып, сайысқа қатысушылар жасыл алаңға шықты. 8 команда 2 топқа бөлініп ала доп бәсекесін қыздыра түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсете білген ШЧ-38 командасы бірінші орынды иемденсе, екінші орынды Алау командасы жеңіп алды, ал Жалын командасы үшінші орынды қанағат тұтты.