Қ.Жандарбеков атындағы Сайрам аудандық мәдениет үйінде «Сайрам таланттары — 2024» өнер фестивалінің ең соңғы жанры бойынша «Таңғажайып би әлемі» атты би байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 31 би ұжымы өтінім беріп, іріктеу кезеңінен кейін 22 би тобы ақтық сайысқа қатысты. Барлық қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе 3 топқа бөлінді. Кіші топ ( 5-8 жас), орта топ (9-12 жас) және ересектер тобы (13 – 17 жас) аралығы.

Би сайысына Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының арнайы мамандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Роза Абдрахимова, Шымкент қаласы «Жас дарын» би ансамблінің жетекшісі – Айнұр Қожанова, шымкент қаласы «Смаил» би ансамблінің жетекшісі Анна Бутенко, №1 Сайрам балалар саз мектебінің хореографы, ҮЛГІЛІ «Ақ кербез» би ансамблінің жетекшісі Абылай Нуридинов, Сайрам аудандық мәдениет үйінің халық шығармашылығын дамыту бөлімінің басшысы Гаухар Тукенова қазылық етті.

Мың бұралған аудан бишілері өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда: Кіші топ: Бас жүлде – «Жұлдыз» би тобы (Қайнарбұлақ а/о № 29 К.Тленшин мектебі, 1 орын – Айназ би студиясының «Шуақ» би тобы – Ақбұлақ а/о, 2 орын – МША –BI Group ЖШС жеке мектебі «Бәйшешек» би тобы Ақсукент а/о, 3 орын — «Әуезов жұлдыздары» — би тобы — Ақсукент а/о, Орта топ, Бас жүлде – Айназ би студиясы, «Аққу» би тобы – Ақбұлақ а/о,

1 орын – «Стимул» би тобы – Ақсукент а/о,

2 орын – «Жұлдыз» би тобы – Қайнарбұлақ а/о Өзтүрік мектебі, 3 орын – «Әуезов жұлдыздары» — Ақсукент а/о, Арнайы жүлделер: «Севинч», «Ай жұлдыз», Айназ би студиясы «Жалын» би топтары. Ересектер тобы: Бас жүлде — «Жұлдыз» өнер мектебі Қарасу а/о, 1 орын – «Жұлдыз» би студиясы – Ақсукент а/о, 2 орын – «Стимул» би тобы – Ақсукент а/о, 3 орын – «Айгөлек» би тобы – Ақсукент а/о, Арнайы жүлделер: «Еркемай», «Ұлықбек жұлдыздары», Айназ студиясының «Өрлеу» және «Томирис» би топтары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Барлық жүлдегерлер арнайы диплом және сый – сияпаттармен марапатталды.