Бүгін Сарыағаш ауданының мәдениет үйінде «Ақ әжелер әуені» атты фестивальдік іс-шара өткізілуде. Фестивальге арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:

— Сіздердің бүгінгі өнерлеріңіз өскелең ұрпаққа зор тағылым, тәрбие екені сөзсіз. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылып жатқан өнер додасында сіздерді көргеніме қуаныштымын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Қазанын оттан түсірмей, қазынамызды дәріптеп жүрген ақ әжелер аман болсын!- деп, фестивальге қатысушыларды арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріндегі әжелерден құралған топтардың шығармашылық белсенділігін арттырып, қазақ композиторларының әндерін насихаттау, халықтың рухын жаңғыртуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған фестивальге 18 әжелер тобы қатысып, 160 әже сахна төрінде өнер көрсетті.

Әжелердің өнерін, өнегесін паш ететін осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.