Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаевтың Жібек жолы ауылына арнайы бекіткен сауықтыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жақсы келін – ырысың» атты жас келіндер арасында байқау өтті.

Аталған шараға ауданның 10 келіні қатысып:

-аспаздық шеберліктері: қамыр илеп, жаю; -«Аялулы ана» бала жұбатуға арналған ғұрыпты әндерді орындау;

-«Ісмер келін» қолөнер шеберлігі,

— «Білгенге маржан» сұрақ -жауап тақырыптарындағы тапсырмалар бойынша өнерлерін ортаға салды. Аса дайындықпен келген келіндер сайыста ерекшеліктерімен жұртты сүйсіндіріп, көптің көңілінен шықты

Байқаудың қорытындысы бойынша:

-І орынды Қасымбек Нағима,

-ІІ орынды Ахмет Аяулым,

-ІІІ орынды Елемес Баян қанжығасына байлады.

Байқауға қатысушы Б.Қайықбаева «Ибалы келін», Ф.Кумекова «Тапқыр келін», С.Шалабаева «Өнерлі келін», А.Байсейтова «Шебер келін», Ғ.Пернебек «Көрікті келін», Б.Срайлова «Дана келін» Б.Шералиева «Бармағынан бал тамған келін» номинацияларын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаева құттықтап, бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыстады.

Айта кетсек, байқаудың мақсаты – қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.

Отбасының ұйытқысы болған жас келіндерді ақылдылық пен парасаттылықтың, инабаттылықтың үлгісі ретінде өскелең ұрпаққа көрсету.