
1994 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық мемлекеті атап өтетін «Ұстаздар күні» мерекесі шағалалы Шардара ауданында да жоғары деңгейде өткізілді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты іс-шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысты:
Салтанатты шара ауданнан шыққан даңқты түлектердің бейнеқұттықтауымен басталып, оқушылар ыстық лебіздері мен өнелерін ортаға салды. Кеште залдағы ардагер ұстаздарға гүл шоқтары үлестірілді.
«Ұстаз – ұлы ұғым. Өйткені, сөз бастайтын ақын да, ғалым да, қол бастайтын батыр да ұстаздың тәрбиесін алып, мейірім-шапағатына бөленіп өседі. Сіздер тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес болашағымыздың негізін қалаушысыздар. Сондықтан, сіздерге қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Сіздерді барша аудан халқының атынан құттықтаймын»-деген аудан әкімі еңбегімен еленіп, білім беру ісінде толағай табыстарға жетіп жүрген ауданның ұстаздарын Алғыс хаттармен марапаттап, бірқатар ұстазға облыс әкімінің атынан келген марапаттарды да тапсырды.
Аудан әкімінің марапатынан соң «Саз» мектебінің күйшілері өнерлерін паш етті.
Шара барысында облыстық білім басқармасы, министірліктен келген өкілдер құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше ұстазды «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар аудандық мәслихат төрағасы, «Amanat» партиясының марапаттарына ие болып, құрметке бөленді.
Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздары, ұстаздар мен мектеп оқушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.
Соынмен бірге,Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудан ұстаздарын кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтады: «Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! 1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді. Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген.
Бүгін де Ұстаздар күні — бүкілхалықтық дәстүрлі мерекеге айналып отыр. Ұстаздар қауымы қоғамда қашанда ерекше орын алады. Сол себепті де білім мен мәдениеттің жаршысы болған оларға өсер ұрпақтың тәрбиесі, елдің болашағы сеніп тапсырылып келеді. Мұғалiм терең бiлiм, кәсiби тәжiрибе, белсендi азаматтық позициялары және жас ұрпақтың тағдыры үшiн жауапкершiлiктi сезiне отырып, қазiргi бiлiм жүйесiнiң табысты дамуын анықтайды.
Ұстаздық ету ең ұлы мамандықтың бірі. Әрбір адам баласының дұрыс қалыптасуына айқын ықпал ететін де мұғалім. Сондықтан халықымызда «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген ұлағатты сөз бар.
Құрметтi тәлімгерлер!
Сiздердiң жемiстi еңбектерiңiз, жүрек жылуы мейiрбандылықтарыңыз елдің жарқын болашағын қалыптастырады.
Бiлiм саласын өркендетуге айтарлықтай үлестерiн қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерiне ерекше алғысымды бiлдiремiн.
Сiздергемықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, игiлiктi iстерiңiзде шығармашылық табыс тiлеймiн!»делінген құттықтауда.