Бүгін Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында 10 қазан — Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау күніне арналған көңілді шара өтті. Шараны аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, ізгі тілегін арнады. Ерекше жандардың қуанышты сәттерін бірге еңсеріп, 28 балаға түрлі сыйлықтарды табыс етті.
Шара аясында талантты өнерпаздар Жартытөбе ауылдық мәдениет үйін әуелеген әнмен әрледі. Күмбірлете күй тартып, өз өнерлерін паш етті. Көрермендердің көңілдерін баурап, рухани бай әсер сыйлады.
Киім үлгілерімен ерекшеленген ертегі кейіпкерлері жас бүлдіршіндерді қуанышқа бөлеп, тәттілер үлестірді. Шат-шадыман күйге кенелген ерекше жандар арнайы дайындалған мерекелік дастарханда бас қосты. Қуанышты әсерге бөленген жандардың күлкісі әрбір жанға қуаныш сыйлады.