
Жетісай аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Берік отбасы – берік қоғам, берік ұлт» тақырыбында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызмет саласындағы ата-аналардың аудандық форумы болып өтті.
Отбасы құндылықтарын дәріптей отырып балалар мен әйелдерге қатысты жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау, салдарын жою, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау мен қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға арналған форумға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Құрбанбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков пен аудандық мәслихат депутаты Қаршыға Ақтөреева, отбасын қолдау орталығының басшысы Ақбаян Төлбасықызы мен ҚР Президенті жанындағы өкіл Баян Ахатай қатысты.
Еркін форматта өткен жиын барысында баяндамашылар зорлық-зомбылық фактілерінің нақты көрсеткіштері мен негізгі себептеріне жасалған зерделеу жұмыстарына тоқталып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы құрудағы жауапкершілікті ұғындыру, отбасыдағы қаржылық сауаттылықты арттыру, ажырасудың, отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту, есірткіге тәуелділік пен ойынқұмарлықтың алдын алу, ата-аналар мен азаматтық қоғам мүшелерін жастарға дұрыс тәрбие беруге жұмылдыру керектігі айтылды. Ата-ана мен перзент арасындағы байланыстың әлсіреуіне себеп болып отырған смартфонға тәуелділік, әлеуметтік желілердің бақылаусыз қалуы, отбасындағы шынайы қарым-қатынастың болмауы, рухани дамудың құлдырауы жайында пікірлер айтылып, кері байланыс орнатылды.
Форум соңында қоғамдағы отбасы институтын нығайтудың маңызы мен қажеттілігіне тоқталған аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков бала тәрбиесінде үлгі болып жүрген мемлекеттік қызметшілерді марапаттады.
Жетісай ауданында өткен «Берік отбасы – берік қоғам, берік ұлт» атты форум отбасы құндылықтарын сақтап, қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды шара болды. Форум аясында балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері көтеріліп, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті тақырыптар талқыланды. Қоғамдағы отбасы институтын нығайту және оған қатысты мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам өкілдері өз пікірлерін білдіріп, бірлесе жұмыс істеудің қажеттігін атап өтті. Форумда ата-аналар мен қоғам мүшелерінің жастарға дұрыс тәрбие беру, отбасыдағы қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы маңызды ұсыныстар айтылды. Қазіргі таңда отбасындағы қарым-қатынастардың әлсіреуіне әкеліп соқтырған заманауи мәселелер, мысалы, смартфон мен әлеуметтік желілерге тәуелділік, рухани дамудың төмендеуі туралы да пікірталас өрбіді. Бұл форум қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызын түсінуге, сондай-ақ ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
