
«Sin Yuan Steel» компаниясы – «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан металлургиялық зауыт.
Кәсіпорын құрылыс саласына арналған металл өнімдерін өндірумен айналысады. Зауытта 300 адам тұрақты жұмыс істейді. Негізгі өндірілетін өнім түрлері: арматура, бұрыштық профиль (бұрыш темір), катанка және шыбық (прут). Өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа жеткізіледі.
Кәсіпорынның жалпы жер учаскесі 19 гектарды құрайды.
Зауыттың іске қосылуы аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.
