Кентау қаласында көпбалалы аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” төсбелгілері салтанатты түрде табысталды. Шара барысында қала әкімі Жандос Тасов аналарды құттықтап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың артып келе жатқанын атап өтті. «Отбасының берекесі мен ұлттың болашағы – аналардың қолында. Көпбалалы аналардың еңбегі мен мейірімі — қоғамдағы ең үлкен құрметке лайық», — деп атап өтті.

Айта кетейік, шаһарда 503 «Алтын алқа» және 1 113 » Күміс алқа» иегері тұрады. Сондай-ақ, 24 «Батыр Ана», 41 азаматша 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгілерімен марапатталған. Жыл басынан бері өңірде 1 319 сәби дүниеге келген. Қазіргі таңда қалада 5 мыңға жуық көпбалалы отбасы тіркелген.

Қала әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарға арналған құрметті шарада халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін аналардың рөлі ерекше екенін айтты. Ол сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен арнайы бағдарламалардың жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл қадамдар көпбалалы аналарға көмек көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамдағы орнын нығайтуға бағытталған. Қаладағы көпбалалы отбасыларға жасалып жатқан көмек, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға маңызды үлес қосып отыр.