Ордабасы ауданының 60 жылдығына орай «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі тоғыз жолдың торабы Төрткүл ауылында өтті.

Төрткүл ауылдық округінде ұйымдастырылған іс шарада ауылшаруашылық техникаларының, асыл тұқымды төрт түліктің, қолөнер шеберлерінің, ауыл округіндегі шағын кәсіпкерлердің өндірген заттары және мектеп, балабақша оқушылары жасаған бұйымдарының көрмесі көпшілікке көрсетілді.

Сонымен қатар ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық өнімдері де жұрт назарына ұсынылды.

Сондай-ақ спорттың қол күрес, қазақ күресі, гір тасын көтеруден жарыстар өтті.

Аудан әкімі Азат Оралбаев және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков төрткүлдіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматты алғыс хат тар беріп марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Іс шара барысында аудандық Мәдениет үйінің, Төрткүл ауылдық округінің өнерпаздары, “Шаншар” әзіл ысқақ театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев, “Диета KZ” тобы ән-күй тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.