Облыс аумағында қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану бойынша соңғы 3 жылда 6 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент тарапынан ұдайы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы мәлімдеді.

«Биыл Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам зардап шегіп, қоғамдық тамақтану орны жабылған. Алайда, жеке кәсіпкер тапсырыспен халыққа қызмет көрсетуін тоқтатпаған. Қаладағы Нышанов көшесі №1А мекенжайындағы осы нысанда екінші рет тамақтан улану жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны — 14 адам. Науқастардың барлығы пицца, суши тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған. Орын алған жағдайларға байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмай өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Қазіргі таңда нысан жабылып, полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, департамент тарапынан 919 тамақтану орнына профилактикалық бақылау жүргізілген» — деп баяндады спикер.

Бұл жағдайлардан сабақ алып, Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алдағы уақытта бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Өйткені, қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігі тек мекеме қызметкерлерінің ғана емес, тұтынушылардың да денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан, департамент тарапынан қосымша профилактикалық шаралар мен ақпараттық науқандар ұйымдастырылып, тұрғындардың санасын көтеру қажет.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттырып, санитарлық ережелер мен талаптарды мұқият орындауы тиіс. Осы ретте, кәсіпкерлердің жауапкершілігі мен білім деңгейін арттыру үшін арнайы тренингтер мен семинарлар өткізу де маңызды. Бұл шаралар халықтың денсаулығын қорғауға қосымша үлес қосып, қоғамдық тамақтану саласында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық қоғамдық тамақтану орындарына үнемі мониторинг жүргізіп, олардың жұмысын бақылауды тоқтатпау керек. Тек осылайша қоғамдық денсаулықты сақтап, тұрғындарға қауіпсіз қызмет көрсету қамтамасыз етіледі.