
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойған болатын. Осыған орай, Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі барлық аудандар мен қалаларда өндірістік парк құрылуда.
Бұл бастама Сарыағаш ауданында да қолға алынды. Өндірістік парк құрылысы үшін ауданның кіреберісінен 6,5 гектар жер белгіленді. Қазіргі таңда мұнда жер тегістеу және инфрақұрылымға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Нысанның құрылыс барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жіті бақылауына алынған.
Өндірістік парк – өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтылған алаң ұсынылады.
Осы жобаның іске асырылуы Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік тудырады. Өндірістік парк арқылы жаңа өндірістер мен кәсіпорындар құрылып, өңірде тұрақты жұмыс орындары пайда болады деп күтілуде. Сонымен қатар, бұл бастама Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономиканы әртараптандыруға септігін тигізеді. Алдағы уақытта өндірістік парктің толығырақ дамуы мен нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынылатын болады.
