
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында тұрақты түрде тазалық іс-шаралары жүргізілуде. Соның ішінде қала төңірегіндегі жазық аймақтар мен төбелерді қоқыс алаңына айналдырмау мақсатында полиция және учаскелік инспекторлар күндізгі және түнгі рейдтік шараларды күшейткен болатын.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы нысандарды аралау барысында заңсыз қоқыс тасымалдаушы жүк көлігінің құрылыс қалдықтарын тасып жатқаны анықталды. Нысан басына учаскелік полиция қызметкерлері шақырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша 78 640 теңге айыппұл салынып, қайта қалпына келтіру шарасы қабылданды.
Жалпы жыл басынан бері қала аумағында қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша 8 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды. Соның ішінде 6273 дерек қоғамдық орындарды ластауға, ал 2051 дерек абаттандыру талаптарын бұзуға қатысты тіркелген. Нәтижесінде бірқатар жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер заңсыз қоқыс төккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыптұраққа қойылды. Бұған қоса, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Түркістан қалалық әкімдігі мен полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді бақылау шаралары жалғасады.
Жалпы, Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан тазалық шараларының негізгі мақсаты – тек қала аумағын таза ұстау емес, сонымен қатар қаланың тұрғындары арасында экологиялық тәртіп қалыптастыру болып табылады. Осы арқылы қоқыс тастаудың алдын алып, қаланың имиджін жақсарту ғана емес, сондай-ақ оның экологиялық тұрғыдан таза әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету көзделуде. Түркістанның таза әрі жасыл қала ретінде танылуы – оның болашақтағы дамуына маңызды ықпал етеді.
Қаладағы тазалық мәселесі тек жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігімен шектелмей, барлық тұрғындардың ортақ міндетіне айналуы керек. Сондықтан, қаланың тазалығын сақтауға қатысты құқықбұзушылықтармен күрес жүргізу барысында қоғамдық түсіністік пен жеке жауапкершілік маңызды орын алады. Бұл шаралардың тиімділігін арттыру үшін жергілікті тұрғындарға экологиялық мәдениет қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынған азаматтар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігін түсіндіру жұмыстарының көбеюі де қала тұрғындарының бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертеді деп күтілуде.
Қалалық әкімдік пен полицияның бірлескен жұмысы нәтижесінде қалада қоқыс мәселесі тек ретке келтіріліп қана қоймай, қаланың экологиялық жағдайы да жақсарады. Тазалыққа жауапкершілікпен қарайтын тұрғындардың саны артқан сайын, Түркістанның имиджі де өзгеріп, қалаға келуші туристер үшін жағымды әсер қалдырады. Бұл бағыттағы жұмыстар тек тәртіп орнатуға ғана емес, сондай-ақ экологиялық сана мен мәдениетті көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
