
Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында. шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.
Ұлттық домбыра күніне орай, Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында салтанатты жиын өтті. Мерекелік басқосуға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, мерекенің маңыздылығын түсіндіріп, аудан халқын айтулы күнмен құттықтады.
Қазақтың төл өнері мен рухани байлығының символына айналған қасиетті домбыра – ұлттың үні, ата-бабамыздың аманаты. Бұл күн – ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін, өнерімізді ұлықтайтын ерекше мейрам. Домбыраның күмбірлеген қоңыр үні әр қазақтың жүрегін тербеп, рухын көтереді.Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, ел ішіндегі өнер мен мәдениетіміздің өркендей беруіне тілектестігімді білдіремін!, деді құттықтау сөзінде Бағдатбек Пердебайұлы.
Мерекеде аудан әкімінің орынбасары 5 өнерлі жасқа — айтыскер ақын, күйші, қасиетті қара домбыраны жанына серік еткен дәстүрлі әнші жастарға домбыра тарту етті.