Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.

Оқушыларымыз физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасының бес жүлдесін жеңіп алды. Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша олимпиадаға 9-12 сынып оқушылары қатысты.
Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.
Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек — Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері — Самат Мақсұтов — PhD докторы, SDU University доценті және Назарали Айтджанов — SDU University физика пәні мұғалімі.