
Келес ауданындағы Ә.Кенжеев атындағы аудандық Мәдениет үйі алаңында жаз мезгілінің жарқын бастамасы ретінде ұйымдастырылған «Summer concert – 2025» концерттік бағдарламасы көрермендерді қуаныш пен шаттыққа бөледі.
Мәдени шара аудан тұрғындары мен қонақтарын әсем ән мен сазға, түрлі би және өнерпаздардың жарқын өнеріне бөледі. Концертке ауданның белсенді шығармашыл ұжымдары, жас таланттар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, олардың мәдени сұранысын қанағаттандыру және рухани демалыс ұсыну болды. Жиналған қауым кеш бойы көңілді әндерге қосылып, мерекелік атмосфераны толық сезіне алды.
Кеш барысында түрлі жанрдағы музыкалық қойылымдар орындалып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Алаңға жиналған көпшілік көтеріңкі көңіл күймен тарқап, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.