Қазақстанда бірқатар жаңа кәсіби мерекелер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 2025 жылғы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Жаңа кәсіби мерекелер:

— 31 қаңтар – Қазақстан кәсіпкерлері күні

— 7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні

— 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні

— 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні

— 12 қазан – Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні

— 20 қазан – Қоғамдық тамақтандыру саласы жұмыскерінің күні

 Сонымен қатар, Энергетиктер күні енді желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, 22 желтоқсанда атап өтілетін болады.

Өз пікіріңізді қалдыру үшін құжатпен Ашық НҚА порталында таныса аласыз.