
Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай өзгерістер болатынын атады. Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз.
Жаңа Салық кодексінің негізгі ұсыныстары:
ҚҚС (Қосылған құн салығы):
- Негізгі мөлшерлеме – 16%.
 - Шегі – 40 млн теңге.
 - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады.
 - Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады.
 
Корпоративтік табыс салығы (КТС):
- Негізгі мөлшерлеме – 20%.
 - Банк және ойын секторы үшін – 25%.
 - Қаржы лизингі мен әлеуметтік салада – 10%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.
 - Ауыл шаруашылығы – 3%.
 - Әлеуметтік сала – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
 - Өңдеу өнеркәсібі – 20%.
 
Салықтар мен төлемдерді оңтайландыру:
- Салықтар саны 12-ден 11-ге қысқарады.
 - 2 төлем алынып тасталады, 3 төлем біріктіріледі.
 - Алымдардың 6 түрі, мемлекеттік баждың 5 түрі қысқартылады.
 - Салықтық жеңілдіктер қайта қаралады:
 - 3,4 трлн теңге сомасындағы 453 норма жеңілдік деп танылды.
 - 1,3 трлн теңге сомасындағы 128 жеңілдік алынып тасталмақ.
 
Сараланған салық жүйесі:
- Жоғары табысы бар азаматтарға – прогрессивті ЖТС:
 - Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатындарға – 15% мөлшерлеме.
 - Қымбат мүлік, көлік, яхта, ұшақ, алкоголь мен сигараға – «сән-салтанат» салығы мен акциздер.
 - Энергетикалық сусындарға да акциз енгізіледі.
 
Арнаулы салық режимдері (АСР):
- АСР саны 7-ден 3-ке қысқарады:
 
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим.
 - Оңайлатылған декларация негізіндегі режим.
 - Шаруа/фермер қожалықтарына арналған режим.
 
- Оңайлатылған режимнің:
 - Кіріс лимиті – 600 мың АЕК.
 - Мөлшерлеме – 4% (мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады).
 - Қызметкерлер санына шектеу жоқ.
 - Тек B2C операцияларына рұқсат.
 
Инвесторлар үшін ынталандыру:
- Барлау, құрылыс, жабдыққа кеткен шығындарға – 100% шегерім.
 - Рентабельділігі төмен кен орындарына – 5 жылға нөлдік салық.
 - Салықтан үнемделген қаражат – инвестиция мен өңірлік дамуға бағытталады (дивидендке тыйым).
 
Салық әкімшілендіру:
- Салықтық жазалау азайтылады.
 - Сервистік модель енгізіледі.
 - Есептілік 30%-ға қысқарады.
 - Камералық бақылау – ескерту сипатында болады.
 - Кәсіпорынның салық жүктемесі төмен болса – тексеру жүргізілмейді.
 
Болжамды нәтиже:
- Жыл сайын 4-5 трлн теңге қосымша түсім.
 - Ұлттық қорға тәуелділік азаяды.
 - Қысқа мерзімде 2,5-3% инфляциялық әсер болуы мүмкін.
 
Еске сала кетейік, ақылы медициналық қызметтерге қанша салық салынатыны туралы осыған дейін жаздық.
«Сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.
Ал үй жанындағы дүкендер салық төлемейтін болды.
