Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылының 89 жастағы тұрғыны Екатерина Михайловнаның шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Зейнеткер апа құрмет көрсетуге келген аудан әкімін қуана қарсы алып, өз өмірінен сыр шертіп, әңгімелеп берді.

Аудан әкімі 22 немере 42 шөбере сүйген Екатерина Михайловнаға гүл шоқтары мен ақ орамалын сыйлады. Арман Абдуллаев қазақ еліне келін болған украин қызына құрмет көрсетіп, әжейдің ақ батасын алды.

Екатерина Михайловна 1957 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін “Тельман атындағы”колхозда енбек еткен.