
Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Берік Мыңжанұлы мен аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы Рысты Райымқұлова және Созақ ауданының өзбек этномәдени қоғамы бірлестігінің төрағасы Мұхамеджан Бабаевты қабылдады. Еркін тақырыпта пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауданда әр түрлі салада атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, аудан басшысы ұлт аралық татулықтың маңыздылығына ерекше тоқталды. Ауданда ешқашан ұлт аралық кикілжіңдердің орын алмағанын айтып, мұның себебі, барлық этнос өкілдерінің арасында терең құрмет пен түсіністік бар екенін тілге тиек етті. –«Ауданда әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, бірлікте еңбек етіп келеді. Бұл жағдай аудан тұрғындарының бірлігі мен ауызбіршілігінің және бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы күш-жігерінің арқасында қалыптасқаны анық»,-деді аудан басшысы.