
Сайрам ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай армрестлинг спортынан ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылуына Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Алипов Мадияр Бақтыбайұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, үздік нәтижелер көрсеткен қатысушыларды марапаттады.
Біріншілікке Сайрам ауданы, Қызылорда облысы, Шымкент қаласы, Сарыағаш қаласы, Түлкібас ауданы, Бәйдібек ауданынан келген 300-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл дода тек спорттық шеберлікті шыңдау алаңы ғана емес, сонымен қатар достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Спортшылар өздерінің қайсарлығы мен жігерін көрсетіп, тартысты бәсекеде жеңіске деген ұмтылысын дәлелдеді. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болып, қатысушылар ұйымшылдық пен спорттық рухты паш етті.