«Өнегелі ғұмыр» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам аудандарының «Құрметті азаматы», ақын, жазушы Әкім Ысқақтың 65 жас мерейтойына орай, «Жүректегі жазулар» атты кездесу сағаты өтті. Мазмұнды да сырлы сұхбат Сайрам Аудандық орталық кітапханасында ұйымдастырылды.

Шара барысында Сайрам ауданының жас оқырмандары ақынның жүрекжарды өлеңдерін ерекше сүйіспеншілікпен жатқа оқып, әндерін де нақышына келтіре орындады. Кештің әр сәті жастарды керемет әсерге бөледі. Әдеби-тағылымды басқосу барысында оқырмандар автордың шығармашылық жолымен танысып, оның туындылары туралы ой бөлісті. Кеш шымылдығы көтерілген сәттен бастап, Әкім Ысқақтың шығармашылығы мен өмірлік философиясына деген оқырмандардың сый-құрмет сезімі толығымен байқалды.