Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қарабау ауылдық клубы әдіскерінің ұйымдастыруымен А.С.Макаренко атындағы мектебінде Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Елі үшін туған- Міржақып» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, әдебиетке, тілге деген көзқарасын қалыптастыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Кеш барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстазы Шырынбекова Салтанат Ертайқызы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармаларымен таныстырып өтіп, «Оян қазақ» өлеңін кеңінен таныстырып, шығарма желісін баяндап беріп, кеш соңы теле экраннан «Оян Қазақ» киносының 1 бөлімі көрсетілді.