Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 36 жыл толды. Ауған жеріндегі соғыс-ел жадында қалған қасіретті соғыс болды. Бүгінгі таңда Отанға және антқа адалдық танытып ерлік көрсеткен интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсету бүгінгі ел азаматтарының парызы және ауған жерінде қаза тапқандардың ғана емес, өзінің әскери борышын батыл әрі адал атқарған тұлғаларға алғыс білдіретін күн. Отқа оранған отты жылдардағы қаһарман ардагерлердің ерлігі бүгінгі жастарға үлгі.

Айта кететін болсақ, тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен есте қалған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Жылдар өтсе де, ержүрек жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.

Осыған орай, Ауған соғысының құрбандарын еске алу мақсатында Қазығұрт ауданында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Отқа оранған ауыр жылдар» атты кездесу кеші бүгінгі жас ұрпақты, жастарды Отансүйгіштікке, батылдық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, адалдыққа баулу. Сұрапыл соғыстағы ардагерлеріміздің ерлігін насихаттау мақсатында өтті.

Аудандық қорғаныс бөлімінде ауған соғысында және бейбіт өмірде қаза болған азаматтарға арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып, соғыста қаза тапқан боздақтарды бір сәт еске алу шарасы өтті. Шара, мәдениет сарайында Т.Аханбаев атындағы халық театрының әртістері дайындаған интернационалдық борышын атқарған қазақстандықтар жайлы сахналық көрінісімен жалғасын тапты.

Іс-шараны аудан әкімі орынбасары Оразалиев Мадияр Мұқтарұлы ашып беріп, ардагер қауымды құттықтап, ауған ардагерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Аудандық мәслихат депутаты С.Қыпшақбаев, «Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамы» қоғам бірлестігінің төрағасы Г.Қаюпов мерекемен құттықтап, марапаттады.

Кездесу кеші «Қазығұрт band» вокалды аспапты ансамблі және «Кеме қалған» этно ансамблі мен аудандық мәдениет сарайы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ал, Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Еңбекші ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жылдары» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шара өскелең жас ұрпаққа қаншама жастың өмірін қиған ауған соғысының қасіреті мен зардабы туралы мағлұмат беру, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Кеш қонақтары Ауған соғысы ардагерлері Асқаров Мұрат, Аралбаев Бақтыбай, Жаппасбаев Нуриддин, Жапбасбаев Салдар ауған жерінде бастарынан өткен әр бір сәттерін баяндап берді. Көрермен қауым сұрақтарын қойып жауаптарын алды. Кеш соңында өнерпаздардың дайындаған шағын әскери көрінісі мен концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінде ерлікпен қаза тапқан ауған соғысы ардагері А.Алпысбаевтің ескерткіші алдында «Ерлікке тағзым » атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кезедесу кешіне ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасы Данабай Байымбетов және ардагер Бөрібай Қожатов қатысты. А.Алпысбаевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып құран бағышталды. Кездесу кешінде жастар ауған ардагерлеріне көкейіндегі сұрақтарына жауаптарын алды. Кеш соңы ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Тұрбат ауылдық клубында «Ерлікке тағзым» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кеші Ауған соғысы кезіндегі ағалардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өтті.

Кездесуге ауған соғысы ардагері С. Мамарахимов, Х. Хамроев, А. Исмоилов, Ж. Давронов, С.Мусаев, Б.Мауленқуловтар қатысып жастарға ерліктерімен бөлісті. Кездесу кеші соңы ауылдық клубының дайындаған концерттік бағдрламасымен жалғасын тапты.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жаңабазар ауылдық мәдениет үйінде «Ерлікке тағзым-ұрпаққа парыз» атты Ауған соғысы ардагерлерімен

кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Қожабаев Тұрлыбек, Байсынов Әшім, Тоқбаев Ғалымжан ағаларымыз шақырылды.

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам жасауына жол көрсету мақсатында өткізілді.

Кездесу кешін Жаңабазар ауыл округі әкімінің орынбасары Жакипов Нұрсұлтан Ералыұлы ашып беріп Жаңабазар ауылы әкімшілігінен ауған соғысына қаншама жастар кетіп аман келгені, мүгедек болып оралғаны, қаншасы соғыс жерінде қайтқаны жөнінде мәлімет беріп өтіп, ауған ардагерлерін айтулы күнімен құттықтап өтті. Сөз кезегінде кеш қонақтары Ә. Байсынов, Т. Қожабаев, Ғ.Тоқбаев өз басынан өткен екі жылы жайлы әңгімелеп берді. Іс шара барысында көрермен жастар сұрақтарына жауап алып отырды. Кеш соңы ауыл әжелері мен ауыл өнерпаздарының концертімен қорытындыланды.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде «Ауғанның отты жылдары” атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері Көлібаев Абдікарым мен Тасболатов Алибек шақырылды.Кездесу кешін Шарапхана ауылдық мәдениет үйінің директоры Қуатбеков Бақыт баяндама жасады.Ардагерлер кеңесінің мүшесі Далбаев Бектай ақсақал Ауған соғысында қаза болған азаматтарға арнап құран бағыштады. «Ақ әжелер” алқасы ән айтып Ауған соғысының ардагерлеріне аналық тілектерін айтты. Ауыл тұрғындары Жакипов Наурызбай ағамен Кенжалиев Сермаңыз, Сапаров Өмірсерік ағалар өз ойларын айтып алғыс білдірді.Кездесу кеші соңы мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйінде «Ерлік елге мұра» атты Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді.Кездесу кешіне Қалдыбек ,Үріпеков Құрал, Ормаш Әсілхан ағаларымыз шақырылды. Іс шара: әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілді. Кездесу кешін мәдениет үйінің директоры Сәбит Ахаевтың ашып беріп, ардагерлерге мерекесімен құттықтады, Қызылдала ауылдық клубының әдіскері Төлешов Сейдолла ағамыз жүргізіп баяндама жасады. Рабат ауылдық мәдениет үйінен ашылған би топтары би билеп, ән айтып концертік бағдарламамен қорытындылады.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қақпақ ауылдық мәдениет үйінде ,,Ауғанның отты жылдары» атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Кездесу кеші ардагер ағаларға құрмет көрсету, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру , жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында өтті.

Кездесу кешті ауыл әкімінің орынбасары Е.Шорабаев ашып беріп ардагерлерді 36 жыл толуымен құттықтады және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесі төрағасы, әжелер алқасы мен ауыл биі іс шараға орай өз тілектерін білдірді. Ауған жерінде қаза болған жауынгерлерді 1минуттық еске алу сәті болып тағзым жасалды.Кездесу кеші соңы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Атбұлақ ауылдық клубында «Ерлік -елге мұра» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Ауған соғысы ардагері Асқаров Мұрат, Байботаев Қалдыбек, Үрпеков Құралбек ағаларымыз келіп ауған соғысы жайлы әңгімелеп берді.

Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, жастардың өрелік қабілеттерін кеңейту.Тарихи оқиға жайлы мәлімет беру, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Іс-шараны қорытындылай келе Атбұлақ клубының әдіскері Елеупова Ұ. және Атбұлақ ЖББМЖИ-директоры Омартай Ғ. ауған соғысы ардагерлеріне алғыс айтып шапан жапты.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Біздің өлкенің қаһармандары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесу кеші Ауған соғысы кезіндегі ағалардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өтті.

Кездесу кешін ауыл әкімінің орынбасары Р.Сбанов ашып беріп айтулы шарамен құттықтады. Ауған ардагері Жандаров Төлеген сөз кезегінде басынан өткен оқиғаларымен бөлісті . Кездесу кеші соңы мәдениет үйі жанындағы үйірме өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жігерген ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері Тесіктөбе ауылдық клубының әдіскерімен біріге отырып «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында ауған соғысы ардагергерімен кездесу кешін өткізді. Іс-шара ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында өтті.

Кездесу кешінде ауған ардагері Байсейітов Нұрмахан ауған жерінде басынан өткені жайлы әңгімелеп берді.

Іс- шара соңында «Нұршашу» би үйірмесінің өнерпаздары, » Әсем әуен» эстрада үйірмесі өнерпаздары өнер көрсетті.