
Сауран ауаднында Қадыр Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай — «Қазақтың – Қадірі» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Бұл кеш қазақтың сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – Қадыр Мырзалиевтің әдеби мұрасын ұлықтау, оның поэзиясының тереңдігін, ойшылдығын және халыққа деген адал қызметін көрсету болды. Кеш барысында ақынның еңбектері тыңдармандарға жетіп, оның өлеңдері мен жырлары арқылы қазақ халқының рухани байлығын паш ету көзделді. «Қазақтың – Қадірі» атты әдеби сазды кеште Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері мен шығармалары музыкамен ұштастырылып, өнерпаздардың орындауында халыққа ұсынылды.
Бұл шара, сондай-ақ, жас ұрпаққа әдебиеттің, өнердің және қазақ тілінің маңыздылығын түсіндірудің алаңына айналды. Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығы әрдайым рухани азық беріп, қазақ әдебиетінің асқақ жұлдызы болып қала береді.