Бүгін Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің мәжіліс залында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бірлесе отырып Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары мен зиялы қауым өкілдері және аталған жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысқан дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді модератор ретінде жүргізген Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев сайлау процесінің еліміздің саяси- әлеуметтік өмірінде, демократия үрдістерін жалғастыру бағытында алатын маңызды рөліне тоқтала келіп, осы жиынға қатысушыларды бүгінгі мереке күнімен құттықтап,ізгі ниеттерін жеткізді.

Жиын барысында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Қуандық Құлажанов,

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әлеуметтік даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице — ректоры Бекежан Мырзаев,»Amanat»партиясының облыстық филиалының заңгер- кеңесшісі Нұржан Естебеков, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев, «Дауыс» республикалық байқаушылар қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев,Түркістан облысы жастар ресурстық орталығының директоры Ернар Бектаев және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттік парламент төрағасы Бауыржан Әмірбек сөйлеген сөздерінде қатысушыларға соңғы уақыттарда еліміздің заңнамаларына тікелей сайлау процесіне және оны жетілдіру бағытына қатысты енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтып,сайлаудың мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың өмірінде алатын орны жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы өткізілген соң,модератор Аңсар Өсербаев жиынды қорытындылар алдында Түркістан қалалық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Қайрат Бердіқұлов пен оның орынбасары Әділхан Масабаевқа (екеуі де ҚР ІІО құрметті ардагері) Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің Алғыс хаттары тапсырылды.

Б.БЕЙСЕМБАЕВ,

«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі