
Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 6 ақпанға сәйкес келіп отыр.
Осы орайда, ақпан айының бірінші бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай Төлеби ауданы,Ленгір қаласы №9Айзере бастауыш мектебінде орналасқан №725 сайлау учаскесінде «Дауыс берудің маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты: азаматтарды сайлау құқығымен таныстырып, сайлау мәдениетін қалыптастыруға үйрету, азаматтық жауапкершілікті күшейту. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.
Шараға №725 учаскелік сайлау комиссиясы төрайымы Сугурбекова Ғалия Нұралықызы, комиссия мүшесі Мадибеков Нұрсұлтан, Назымбет Раушан тағы басқалар қатысып, іс-шараға қатысушыларға сайлау жүйесі, өту тәртібі, азаматтардың сайлауға қатысуының маңызы туралы ой талқыланды.
Біздің еліміздегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі сайлау құқығына тең, тікелей және жанама сайлау құқықтары, дауыс беру құпиясы жатады.
Азаматтардың сайлауға қатысуының еріктілігі. Сайлау еркіндігінің қағидасы кез-келген демократиялық мемлекет үшін негіз болып табылады. Сайлау еркіндігінің қағидасы азаматтардың сайлауға мемлекет тарапынан мәжбүрлеусіз өз еркімен қатысатынын білдіреді.
Міндетті дауыс беруді және оны сақтаған бірнеше елдерді айтып өтті.
Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың кезеңділігін, халықтың түрлі әлеуметтік топтарының билік органдарында өкілдік етуін, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етілетіні атап өтілді.
Қазақстанның заңнамасы үнемі жетілдіріліп, қазіргі әлемнің шындығына сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үрдісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үрдісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артып келеді.