
Сайрам ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қайнарбұлақ және Қарамұрт ауыл округінің тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Аталған кездесуге Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы А.Тағай, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Б.Айтбаев, Қарамұрт ауыл округінің әкімі М.Нажиев, Қайнарбұлақ ауыл округі әкімінің орынбасары Н.Құралбеков сондай-ақ ауыл тұрғындары, ҚХА жанындағы аудандық құрылымдарының мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері, белсенді тұлғалар және этнос жастары қатысты.
Бұл ретте, тұрғындар арасында өткен кездесу «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені», «Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселесінде діннің алатын орны», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында және «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтыды.
Сондай-ақ кезекті кездесу Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округінде, Ханарық елдімекенінде жалғасты.
Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Есімхан Айтжанов, Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселесін зерттеу орталығының» КММ бөлім басшысы Қайрат Салибеков, Төлеби аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскерге шақыру бөлімінің бастығы, подполковник Дәулет Бердиев, жергілікті тұрғындар, ауыл билері, ақсақалдар, беделді тұлғалар жалпы саны 45 адам қатысты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Еске сала кетсек, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында 3-25 ақпан аралығында аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.