
Алматы облысындағы С.Демирель атындағы университетте ұстаздар арасында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті. Сайысқа мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс істейтін өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
Фестивальдің мақсаты — оқытушылардың шығармашылығы мен кәсіби біліктілігін қолдау, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Аталған сайысқа қатысқан Түркістан облысының ұстаздары
“Шеберлік палитрасы» номинациясын, сондай-ақ Ордабасы ауданы, Д.Конаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Базарқұлов І дәрежелі дипломмен «SmartLab» жұмысы үшін марапатталды. Ал, Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицейінің директоры Ләззат Нысанқұлова 2-орынды жеңіп алды.