
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бүгін 102 жасқа толған Тұрбат ауылының тұрғыны, Ұлы Отан слғысының ардагері Әкімбай Жұмабаев ақсақалды арнайы туған күнімен құттықтады.
Ғасырдан аса ғұмыр кешкен қарияның шаңырағына барған аудан әкімі өзінің ақ тілектерімен қоса арнайы сый-сияпатынтабыстады. Сондай-ақ, қуанышты Әкімбай ақсақалдың отбасымен бөлісіп, отбасына бақ-береке тіледі. Ал, қоғам белсендісі, ақын Біржан Қалдыбаев қарияға арнайы жыр шумақтарын арнады.
Өз кезегінде қария ризашылығын білдіріп, аудан әкіміне алғысын айтты. Батасын беріп, елдің амандығын тіледі.